Жаңалықтар

1 142 науқас коронавирус індетінен сауығып кетті

2022 жылғы 18 қаңтар 08:15
1 142 науқас коронавирус індетінен сауығып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 1142 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 314, Алматы қаласы - 130, Шымкент қаласы - 24, Ақмола облысы - 37, Алматы облысы - 56, Атырау облысы - 66, Шығыс Қазақстан облысы - 95, Жамбыл облысы - 6, Батыс Қазақстан облысы - 102, Қарағанды облысы - 194, Қостанай облысы - 12, Қызылорда облысы - 15, Маңғыстау облысы - 14, Павлодар облысы - 69, Түркістан облысы - 8. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 973 637.