Жаңалықтар

11,8 мың қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр

2020 жылғы 27 қараша 09:29
11,8 мың қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11,8 қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 208 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазір елімізде коронавирус инфекциясынан 11 816 адам емделіп жүр. Олардың арасында 781 бала бар. Стационарларда 3 276 науқас жатыр. 8 540 адам амбулаторияда емделіп жүр. Жалпы науқастардың арасында 208 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.