Жаңалықтар
-
кеше 10:07
-
09.04.2021 23:45
-
09.04.2021 22:21
-
09.04.2021 21:55
-
09.04.2021 20:45
-
09.04.2021 20:33
-
09.04.2021 20:25
-
09.04.2021 19:50
-
09.04.2021 19:08
-
09.04.2021 19:00
-
09.04.2021 17:14
-
09.04.2021 14:49
-
09.04.2021 14:40
-
09.04.2021 14:39
-
09.04.2021 14:36
2 наурызда Қазақстанға ұшақпен 246 жолаушы анықтамасыз келген
2021 жылғы 3 наурыз 10:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 2 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
2 671 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 425 адам, анықтамасыз 246 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 2 060 жолаушы, анықтамамен - 1 825, анықтамасыз - 235; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 580 жолаушы, анықтамамен - 569; анықтамасыз - 11; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Айта кетейік, 2021 жылдың 1 наурызында шетелден анықтамасыз келген 199 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.