Жаңалықтар

23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантин шектеуі күшейтіледі

2021 жылғы 19 қаңтар 20:30
23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантин шектеуі күшейтіледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынады, демалыс күндері қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Осы және басқа да шектеулер 23 қаңтар күні сағат 00:00-ден бастап облыс аумағында енгізіледі, деп хабаплайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Saryarqa YouTube-арнасында өткен брифингіде өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді. «Осы жылдың қаңтар айында өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 44%-ға немесе өткен айдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе өсуі байқалады. 18 қаңтардан бастап Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді. Осыған байланысты бірқатар шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылданды», - деді облыстың бас санитарлық дәрігері. ХҚКО, банк және «Қазпошта» бөлімшелерінің жұмысы 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарады. Олар алдын-ала жазылу бойынша (әлеуметтік қашықты, маска режимін, термометрияны сақтай отырып, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып) жұмыс істейді . Қызметкерлер саны 15 және одан да көп ұйымдар штатының 60% қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс істеу режимі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс (50 отыратын орыннан артық емес). Ұжымдық және еске алу іс-шарары өткізілмейді. Тамақты өзімен алып кету және жеткізу уақыты шектелмейді. Мәдениет нысандарының қызметі толымдылығы 20%-дан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады. Дайындық тек 30 адамнан аспайтын жағдайда ғана мүмкін болады. Кинотеатрлар көрермендермен толығуы 20%-дан аспаған жағдайда жұмыс істей алады (30 адамға дейін). 65 жастан асқан адамдарға аса қажет болмаса тысқа шығу шектелді. Жексенбіде жабық азық-түлік және азық-түлік емес базар, сауна, монша, СПА орталық, массаж салоны, ОСО, СҮ, ауданы 2 000 шаршы метрден асатын сауда желілерінде азық-түлік супермаркеті, дәріхана, сән салоны мен химиялық тазарту орындарынан басқаларының қызметі тоқтатылады. Жұмыс күндері сауна, монша, СПА және массаж салоны 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады. Сенбі және жексенбі күндері облысішілік қалааралық тұрақты жолаушылар тасымалының қозғалысы тоқтатылады: Қарағанды-Теміртау - Қарағанды, Қарағанды - Саран - Қарағанды, Қарағанды - Абай - Қарағанды, Қарағанды - Шахтинск - Қарағанды, Қарағанды - Шақан - Қарағанды, Қарағанды - Топар-Қарағанды. «Коронавирустың алдын-алу көбінесе өзімізге байланысты. Масканы киіп жүру екі, тіпті үш есеге дейін аурудың алдын алу мүмкіндігін арттырады. Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз осы індетпен күресте, оның ішінде біздің өміріміз үшін, туыстарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күресте нәтижеге қол жеткізе аламыз», - деді Юрий Залыгин облыс тұрғындарына.