Жаңалықтар

28 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді

2021 жылғы 11 сәуір 12:21
28 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 сәуірде Қазақстан аумағына Германия, Үндістан, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 35 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, бір тәулікте елге 5287 жолаушы ұшып келген. Оның 5259-ында коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 28 адамның ПТР-анықтамасы жоқ, барлығы - ҚР азаматтары. Атап айтқанда: - Алматы қаласының әуежайына ұшып келді – 18 рейс, 2 934 жолаушы, анықтамамен - 2924, анықтамасыз - 10; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 831 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 13; - Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, 737 жолаушы анықтамамен келген; - Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 361 жолаушы, анықтамамен - 359, анықтамасыз - 2; - Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 147 жолаушы анықтамамен келген; - Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген; - Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы, анықтамамен - 145, анықтамасыз - 3. «Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді комитеттен. Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, 9 сәуірде шетелден анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 16 азаматының ПТР-талдау нәтижелері дайын болған – жолаушылардың ешбірінде коронавирус анықталған жоқ.