Жаңалықтар

5 млн 480 мың қазақстандық коронавирус вакцинасын салдырды

2021 жылғы 3 тамыз 09:15
5 млн 480 мың қазақстандық коронавирус вакцинасын салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар статистикасын жариялады.

3 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда екпенің I компонентін 5 480 094 адам салдырған. Ал вакцинаның II компонентін алған адам саны - 3 941 941.