Жаңалықтар
-
кеше 14:30
-
кеше 01:16
-
15.04.2021 22:12
-
15.04.2021 18:50
-
15.04.2021 18:31
-
15.04.2021 16:54
-
15.04.2021 16:35
-
15.04.2021 14:53
-
15.04.2021 12:43
-
15.04.2021 12:25
-
15.04.2021 12:03
-
15.04.2021 11:00
-
15.04.2021 10:49
-
15.04.2021 10:22
6 наурызда ПТР анықтамасыз 307 ҚР азаматы ұшып келді
2021 жылғы 7 наурыз 10:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.
2 561 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 254 адам, анықтамасыз 307 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 128 жолаушы, анықтамамен - 1 889, анықтамасыз - 239; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 433 жолаушы, анықтамамен - 365; анықтамасыз - 68. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 5 наурызда шетелден анықтамасыз келген 316 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.