Жаңалықтар

70 адам коронавирустан қайтыс болды

2021 жылғы 17 қыркүйек 08:37
70 адам коронавирустан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерде тіркелген қайғылы жағдайлар санын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде 15 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 адам коронавирустан қайтыс болған. Оның ішінде 62 адамда коронавирус сипмтомы болса, 8-інде КВИ-. Жалпы елімізде коронавирустан 10 611 адам көз жұмды. Оның 4 714-інде коронавирус белгісі болмаған. Сондай-ақ, 14 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 236 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 187 адам емделіп шықты. 2020 жылдың наурызынан бастап барлық ауырғандар – 73 599, 4 714 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 60 358 жетті.