Жаңалықтар

874 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

2021 жылғы 4 наурыз 08:15
874 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 874 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 85, Алматы қаласы - 192, Ақмола облысы - 72, Ақтөбе облысы - 17, Алматы облысы - 78, Атырау облысы - 20, Шығыс Қазақстан облысы - 29, Жамбыл облысы - 8, Батыс Қазақстан облысы - 44, Қарағанды облысы - 41, Қостанай облысы - 90, Қызылорда облысы - 9, Маңғыстау облысы - 2, Павлодар облысы - 74, Солтүстік Қазақстан облысы - 105, Түркістан облысы - 8 адам коронавирус инфекциясынан айықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 199600.