Жаңалықтар

89 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты – Алматы облысы

2020 жылғы 27 мамыр 08:58
89 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты – Алматы облысы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында коронавирустан 89 жастағы қария жазылып шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1931 жылы дүниеге келген Кеген ауданының тұрғыны Күмісхан Оразақынова Шелек ауылындағы аудандық ауруханада 4 мамырдан бастап ем қабылдаған. Аталған аурухананың бас дәрігері Гүлнар Кураметованың айтуынша, пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта болған.

«Ауруханаға түскен кезде пациенттің жас ерекшелігін ескере отырып, реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық. Бүгін пациент коронавирус инфекциясынан толық айығып шықты,- деді бас дәрігер.