Жаңалықтар

Ақмола облысына қарағандылық «СпутникV» вакцинасының 5000 дозасы жеткізілді

2021 жылғы 4 мамыр 19:10
Ақмола облысына қарағандылық «СпутникV» вакцинасының 5000 дозасы жеткізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолаға қарағандылық «СпутникV» вакцинасының 5000 дозасы жеткізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғысы келетін адам бұл туралы телефон арқылы учаскелік дәрігерге хабарлауы керек. Емхана сізді тізімге енгізіп, кезек тәртібінде екпе алуға шақырады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі «электрондық үкімет» порталында вакцинацияға жазылу» жаңа қызметін іске қосты. Ағымдағы жылғы мамырдың 04-де өңірге Қарағанды фармацевтикалық комбинатының «СпутникV» вакцинасының 5000 дозасы жеткізілді», - деді Айнагүл Мусина. Айта кетейік, Қазақстанда 26 сәуірден бастап отандық QazVac вакцинасын қолдану арқылы егу науқаны басталды. Осы ретте Ақмола облысына 2000 доза мөлшерінде отандық вакцина жеткізілді. Бүгінгі күні қазақстандық вакцинамен 1000 адам егілді. Ал, жалпы, қазіргі кезде облыста 49403 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 11317 адам екінші компонентін алып отыр.