Жаңалықтар

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай нашарлап келеді – бас санитарлық дәрігер

2020 жылғы 24 қазан 15:29
Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай нашарлап келеді – бас санитарлық дәрігер

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында мониторинг жүргізілген нысандардың 50 пайызында карантиндік талаптар сақталмағаны анықталды. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шектеу шаралары енгізілген кезде негізінен эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ, жұмысы жандаған нысандарға мониторинг қорытындысы ескеріледі. Осы ретте, біз соңғы бір аптаның ішінде сауда орындары мен сауда үйлеріне мониторинг жүргіздік. Онда жағдайдың көңіл көңшітпейтініне көз жеткіздік. Мониторинг жүргізілген нысандардың 50 пайызында карантиндік талаптар сақталмағаны анықталды», - деді Айнагүл Мусина. Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, сауда орындарына кіре берісте келушілердің қызуы тексерілмейді, сонымен бірге санитайзерлер де әр 150 метр сайын, қолжетімді жерде орналаспаған. Маска режимі толыққанды сақталмайды, сауда үйлерінің әкімшілігі мен сатушылары тарапынан келушілерге маска тағу туралы ескерту айтылмайды. Сатушылардың өздері маскасыз, болғанның өзі дұрыс тақпайды. Әлеуметтік қашықтық та сақтала бермейді. Бутиктердің кіре берісінде бес адамнан көп кіруге болмайды деп ескерту жазба ілініп тұрғанымен, іс жүзінде ол сақталмайды. Облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым көпшілігі Көкшетау қаласында тіркеліп отыр. «Бізде қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай нашарлап келеді. Оның ішінде Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 97 жағдайы тіркелді. Бұл бүкіл облыс бойынша қазан айында тіркелгендердің 80 пайызын құрап отыр», - деді Айнагүл Мусина. Сонымен қатар, ол қазанның 23-де жарияланған карантиндік шектеулер туралы қаулыдағы санитарлық талаптарға қатысты өзгерістерді айтып берді. Аталмыш қаулы ержесі бойынша демалыс күндері аумағы 1000 шаршы метрден аспайтын саудан нысандары сағат 17:00 дейін жұмыс істейтін болады. Ал, аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орындары демалыс күндері жұмыс істемейді. Бұл талаптың құрылыс, жиһаз және автобөлшектер сататын дүкендерге қатысы жоқ Сонымен бірге, жаңа қаулыда базарлардың демалыс күні жұмысына тыйым салынып отыр. Өңірдің бас сантиралық дәрігері атап өткендей, өңірде эпидемиологиялық жағдай нашарлайтын болса, онда аумағы 500 шаршы метрден аспайтын сауда орындарының жұмыс үстеуіне ғана рұқсат етілетін болады.