Жаңалықтар

Ақмола облысында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдай тұрақты

2021 жылғы 24 ақпан 19:21
Ақмола облысында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдай тұрақты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Бұл туралы брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ведомство басшысының сөзінше, 2021 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша бір тәуліктің ішінде 63 адамнан COVID-19 зертхана арқылы расталды. Оның ішінде 27 адамда коронавирус белгілері бар, 36 адамда вирус белгілері жоқ. Коронавирус инфекциясына шалдыққандар санының тәуліктік өсімі 0,5 пайызды құрап отыр. Аудандар бойынша алсақ, Көкшетауда - 23, Бурабайда-11, Есілде-7, Жақсыда-5, Ерейментауда-4,Сандықтауда-4, Целиноградта-4, Біржан салда-4, Зерендіде-1. «2021 жылдың 17-23 ақпан аралығында COVID-19-дың 517 жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы аптамен (525 жағдай) салыстырғанда 1 есе аз (8 жағдайға аз). Пандемия басталғаннан бері облыста COVID-19 індетін жұқтырудың 13305 жағдайы тіркелген, оның 8855-нің белгілері бар, 4450-нің белгілері жоқ. Жалпы, 6504 жағдай (48,8%) азаматтардың өз еркімен қаралуға келген кезінде, 4864 жағдай (36,5%) байланыс арқылы, 1937 жағдай (14,5%) профилактикалық скрининг барысында анықталып отыр. Айта кетейік, Ақмола облысында коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцина салу жұмыстары жүргізілуде.