Жаңалықтар

Ақмолада 49 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды

2021 жылғы 4 мамыр 18:33
Ақмолада 49 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 49403 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, облыста коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасуда. Вакциналауды жүргізу үшін өңірде 86 егу пункті жұмыс істейде. Бұдан бөлек, ұйымдастырылған ұжымдарда және ауылдық елді мекендерде вакциналауды жүргізу үшін егу бригадалары бар. Облыс бойынша барлығы 26 көшпелі мобильді егу бригадасы бар, олардың 7-і қалаларда және 19-ы ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Шалғай елді мекендер үшін келіп түсетін вакцина көлемінің ұлғаюына байланысты жылжымалы медициналық кешендер іске қосылады, олардың саны облыста – 11. Бұдан бөлек, облыс орталығындағы халық көп жиналатын орындар «РИО», «ЦУМ», «Кристалл», «Мечта» сауда орталықтары және Науан Хазірет атындағы орталық егу пункттері ашылды. «Егу пункттері мен егу бригадалары тоңазытқыш жабдықтарымен қамтамасыз етілген, «салқындату тізбегінің» сақталуына тұрақты бақылау жүргізіледі. Қазіргі кезде облыста 49403 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 11317 адам екінші компонентін алды», - деді Айнагүл Мусина.