Жаңалықтар

Ақмолалықтардың 50 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды

2021 жылғы 26 қараша 20:26
Ақмолалықтардың 50 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны қалай жүріп жатыр. Бұл туралы брифингте аймақ басшысы Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда коронавирус пандемиясымен күресудің бір ғана тиімді жолы бар, ол - вакцинация. Сондықтан қазіргі кезде біздің облыста 300 мыңнан астам адам вакцинацияланды - бұл вакцинациялауға жататындардың 64 пайызы, яғни бірінші компонентін алғандар. Екінші компонент 58 пайыз адамға егілді. Бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасуда. Бизнес те қосылды. Бүгінде бизнес адамдарды вакцинациялауға ынталандырады»,- деді Ақмола облысының әкімі ОКҚ көшпелі баспасөз мәслихаты барысында. Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірге өткен аптада 35 мыңнан астам Pfizer вакцинасы жеткізілгенін атап өтті. «Бүгінгі таңда ата-аналардың жазбаша рұқсатымен 1000-ға жуық бала вакцинациялауға дайын, олардың 500-і вакцинациядан өтті. Алғашқы болып Көкшетау қаласының медициналық колледжінің студенттері егілді. Ревакцинация басталды. Нәтижелер бар», - деп нақтылады Е.Маржықпаев. Бұған дейін әкім өңірдегі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, азаматтардың басым бөлігі карантиндік шектеулерді сақтамайтынын атап өткен болатын. Бүгінде облыс «қызыл» аймақтан «сарыға» ауысып отыр.