Жаңалықтар

АҚШ: Калифорнияда маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

2022 жылғы 2 тамыз 16:15
АҚШ: Калифорнияда маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатында маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

«Калифорния губернаторы маймыл шешегінің өршуіне байланысты штатта төтенше жағдай жариялады. Бұл штаттағы вакцинация шараларына ықпал ету үшін жасалды» делінген хабарламада. Калифорния тұрғындарын вакцинациялау шарасы коронавирустық пандемия кезінде салынған инфрақұрылымда жүргізіледі. Штат федералды биліктен шешекке қарсы вакцинаның 61 мыңнан астам дозасын алды. Халыққа 25 мыңнан астам екпе жасалды. Шілде айының соңынан бастап билік аптасына 1 мыңға жуық тестіні тексеруде. Америкалық ауруларды бақылау және олардың алдын-алу федералдық орталықтарының деректері бойынша, штатта маймыл шешегін жұқтырудың 827 жағдайы тіркелген. Фото: www.france24.com