Жаңалықтар

Ақтөбе эпидемиологтары жасөспірімдердің ата-анасына вакцинаның маңызын түсіндірді

2021 жылғы 24 қараша 00:48
Ақтөбе эпидемиологтары жасөспірімдердің ата-анасына вакцинаның маңызын түсіндірді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде эпидемиологтар ата-аналарға Pfizer вакцинасын салдыруың мән-маңызын түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысына Pfizer вакцинасы 20 қараша күні жеткізіліп, емханаларға таратылды. Ал 22-қараша күні егу жұмысы басталды. Алғашқы күні 12 адам Pfizer вакцинасын салдырды. Оның 8-і - бала емізетін ана және төртеуі - жасөспірім. «Сонымен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқытушы құрамы, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департамент қызметкерлері ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізілді. Атап айтқанда №1, 2, 3, 4, 5, 6 мектеп гимназиялары, №8 мектебі, №9 мектеп-гимназиясы, № 10, 11, 12, 13, 14 мектептерде кездесу өтті»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.