Жаңалықтар

Ақтөбе облысының емханалары жоспарлы тексеруді уақытша тоқтатты

2021 жылғы 2 тамыз 20:30
Ақтөбе облысының емханалары жоспарлы тексеруді уақытша тоқтатты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысындағы емханаларда скринингтен өткізу және жоспарлы медициналық тексеру жүргізу уақытша тоқтаталды. Бас санитар дәрігердің қаулысы бүгін күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша вирус жұқтырғандар саны артып, емханаларда жоспарлы тексеру уақытша тоқтатылды. «Науқастарға жедел медициналық тексеру қажет болса, емханаға барып, түрлі тексеруден өтуге болады. Ал жоспарлы ем қажет болса, учаскелік дәрігерге хабарласып, қашықтан ақыл-кеңес алады. Себебі қазір вирус өршіп, карантиндік шектеулер күшейтілді. Мұның нақты қанша уақытқа созылатынын айта алмаймыз. Бәрі эпидахуалға байланысты. Бір-екі айға созылуы да мүмкін», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров. Еске салсақ, өңірде инфекциялық стационарларда жатқан адамдар саны 1 мыңға жуықтады. Қазір кейбір ауруханаларда науқастар 90 пайызға толды.