Жаңалықтар
-
кеше 03:41
-
16.01.2021 23:02
-
16.01.2021 22:03
-
16.01.2021 20:56
-
16.01.2021 17:07
-
16.01.2021 15:29
Ақтөбе облысының медицина мекемелерінде карантин талаптары күшейтілді
2020 жылғы 21 қазан 19:29

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында шектеу шарасы күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның Қаулысымен өңірде шектеу шаралары күшейтілді. Бүгін жарияланған жаңа Қаулыға сәйкес, медициналық ұйымдар іші «лас» және «таза» аймақтарға бөлінеді. Меншік түріне қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымы келушілердің дене температурасын өлшеуі тиіс. COVID-19 анықталған жағдайда науқастарды оқшаулауға изолятор ұйымдастырылуы қажет. Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызылған кезде науқастарда коронавирусқа ПТР-тестілеудің анықтамасы болуы тиіс. «Меншік түріне қарамастан облыстағы стационарларда медицина қызметкерлерінің бөлімше арасындағы қозғалысы шектеледі. Пациенттерге туыстарының келуіне тыйым салынады. Қажет болған жағдайда қашықтан кеңес беру ұсынылады. Үйдегі карантинде жатқан адамдар үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын медициналық ұйымдарға бармай рәсімдеу ұйымдастырылады», - деп жазылған Қаулыда.