Жаңалықтар

Ақтөбеде карантин шектеуі жеңілдеді

2021 жылғы 28 қыркүйек 12:56
Ақтөбеде карантин шектеуі жеңілдеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе «сары» аймаққа өтіп, карантин шектеуі жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы шығарды. Енді мешіт пен шіркеуге «Ashyq» жобасы енгізіліп, тек «жасыл» мәртебесі бар адамдардың кіруіне рұқсат етілді. Сонымен бірге мұндағы адамдар саны сыйымдылықтың тек 20% құрауы тиіс. Спорттық жарыстар кезінде көрерменге рұқсат берілді. Жанкүйерлер де «Ashyq» қосымшасындағы қауіпсіз мәртебесін көрсетеді немесе ПТР анықтамасын ұсынады. «Конференция, форум, ойын-сауық, сондай-ақ, отбасылық, салтанатты, естелік, садақа және басқа да іс-шараларды өткізуге рұқсат. «Ashyq» қосымшама арқылы адамдар «жасыл» мәртебесін көрсетеді немесе ПТР анықтамасымен өзімінің вирус жұқтырмағанын дәлелдейді. Онда да адам саны 50-ден аспауы тиіс. Көрмелерге бір уақытта 200 адамның кіруіне рұқсат. Ашық алаңда марафон өткізуге болады. Адам саны 500-ден аспауы тиіс», - деп түсіндірді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.