Жаңалықтар

Ақтөбеде үш айлық нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталды

2020 жылғы 28 қыркүйек 11:10
Ақтөбеде үш айлық нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Ақтөбеде 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның біреуі үш айлық сәби, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баланың анасы жедел респираторлы вирустық инфекция белгілеріне байланысты дәрігердің көмегіне жүгінген. ПТР зерттеулерінің қорытындысы бойынша нәрестеге COVID-19 диагнозы қойылған. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасады», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, облыста коронавирус жұқтырудың 3244 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 48,9% ауру белгілерімен және 51,1% симптомсыз. Науқастардың 97,7 жазылып шықты. Қазіргі таңда үй карантиніне 51 адам алынып, оларға медициналық бақылау