Жаңалықтар
-
кеше 12:26
-
27.02.2021 23:32
-
27.02.2021 22:20
-
27.02.2021 12:50
-
27.02.2021 12:14
-
27.02.2021 11:18
-
27.02.2021 09:52
-
27.02.2021 09:15
-
27.02.2021 08:39
-
27.02.2021 08:15
-
27.02.2021 08:00
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
-
26.02.2021 10:01
-
26.02.2021 09:50
-
26.02.2021 09:20
-
26.02.2021 08:29
-
26.02.2021 08:15
-
25.02.2021 22:08
-
25.02.2021 20:42
Алексей Цой эпидахуал бойынша 2021 жылдың соңына дейінгі болжамды жария етті
2021 жылғы 19 қаңтар 10:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуал бойынша арнайы жұмыс тобы жасаған 2021 жылдың соңына дейінгі болжамды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін шектеу шаралары күшінде болғандағы эпиджағдайдың дамуына болжам жасады. Індетті жұқтыру деңгейі осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мыңға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде қатаң карантин талаптарын енгізу жоспарланып отырған жоқ», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Министр сонымен қатар реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6 және 9 мың адам індет жұқтыруы мүмкін екенін айтады. Ал төсек қорының қамтылуы 45 мыңға дейін жетеді. Яғни КВИ-мен ауыратын науқастарға қолжетімді 52 мың төсектен аспайды, бірақ денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсірмей, сапалы медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін қатаң карантин талаптарын енгізу қажет болады. «Бірінші кезеңде 2 миллион адамды вакциналау эпидемияның дамуына оң әсер етеді. Біздің есептеуімізше, 2 миллион адамды вакциналау тіркелген жағдайлардың санын 40 мыңға азайтады. Тиісінше, вакцинамен қамту неғұрлым жоғары болса, КВИ-мен сырқаттанушылық пен өлім-жітім азаяды, шектеу шаралары мен локдаунсыз өмірге оралу ықтималдығы артады. Пандемияның дамуының осы кезеңінде бүкіл әлем өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама – вакциналау екенін түсінді», - деді министр.