Жаңалықтар

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 42,5 миллионнан асты

2020 жылғы 25 қазан 10:07
Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 42,5 миллионнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 42,5 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 25 қазан, сағат 09.24-тегі мәліметтер бойынша, әлем елдерінде коронавирус 42 млн 532 мың 198 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 1 млн 148 мың 943 науқас. Коронавирус бойынша ахуал өршіп тұрған мемлекеттер: АҚШ - 8 575 069 Үндістан – 7 814 682 Бразилия – 5 380 635 Ресей – 1 487 260 Франция – 1 084 659 Аргентина – 1 081 336 Испания – 1 046 132 Колумбия – 1 007 711 Мексика – 886 800 Перу – 883 116 Ұлыбритания –857 043 Оңтүстік Африка Республикасы – 714 246 Иран – 562 705 Италия – 504 509 Чили – 500 542 Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныңсайтындағы мәліметтер соңғы рет, 24 қазан күні сағат 15.02-де жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 42 млн 055 мың 863 адамды құрайды. Қайтыс болды – 1 млн 141 мың 567 науқас. Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының статистикасына сүйенсек, елімізде індет 110 мың 402 адамнан анықталды. Оның ішінде 105 мың 618-і жазылып шықса, 1796-сы қайтыс болды.