Жаңалықтар

Алматы неліктен коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті

2021 жылғы 2 тамыз 16:15
Алматы неліктен коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес Алматы коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол жайында қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова түсіндіріп берді. «Неліктен Алматы «қою қызыл» аймаққа кірді? Бұл - ең алдымен алдын алу шарасы. Тәулік сайын тұрғындар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1200-1500-ден астам жағдайы тіркеліп отыр», - деп атап өтті ол. Ол сондай-ақ қара қызыл аймақты анықтау үшін қандай критерийлер бар екенін түсіндірді. «Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жалғыз критерий белгіленді. Ол – инфекциялық стационарлардағы, атап айтқанда КВИ жұқтырған науқастарды емдеуге арналған стационарлардағы төсек-орынның толуы», - деді спикер. Сондай-ақ, Әсел Қалықова қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханалардағы толып қалған орындардың үлесі 65,6% құрайтынын атап өтті. Барлығы 7 625 орын бөлінді, оның ішінде 7 045 орын толып қалған. Бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин туралы жаңа қаулыға қол қойған болатын.