Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
2021 жылғы 20 қаңтар 22:14

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды. Ендігі сот отырыстары қашықтан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Талдықорған қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері 20 қаңтарда арнайы қаулы қабылдады. Облыстық сот және оның аумағында 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантин енгізілді» делінген Алматы облыстық соты таратқан хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне ауыса отырып, толығымен тоқтатылады. «Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының кіруіне қатаң тыйым салынады. Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады. Тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтан қарайды» деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.