Жаңалықтар

Алматы облысында 31 адамнан коронавирус анықталды

2021 жылғы 16 маусым 13:20
Алматы облысында 31 адамнан коронавирус анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 31 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Талдықорған қаласы мен Талғар ауданында 7 жағдайдан, Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандарында 4 жағдайдан, Қарасай ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 2, Іле, Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі қаласында 1 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ 12 адам жазылып шықты. Өңір «ЖАСЫЛ» аймақта. «Ауруханаларда 703 адам ем қабылдауда. Соның 30-ның жағдайы ауыр. 1 тәулікте 46 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 34,6 %-ке толған»,- делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламасында. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, соңғы 3 күнде 4713 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 3 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды. «Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 272 666. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4907. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 168 324. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4579»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.