Жаңалықтар

Алматы облысында 49 бала коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 16 қыркүйек 14:29
Алматы облысында 49 бала коронавирус жұқтырды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте Алматы облысында коронавирус 278 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, індет жұқтырған 278 адамның 49-ы 14 жасқа дейінгі бала. «278 адамның ішінде 239-да індеттің симптомы бар. Ал 39-да симптомсыз жағдай. Облыс өңірлері арасында коронавирус Ақсу ауданынан 8 адамнан, Алакөл-17, Балқаш-4, Еңбекшіқазақ-27, Ескелді–10, Жамбыл–11, Іле-24, Қарасай-9, Қаратал-4, Кеген-1, Кербұлақ-8, Көксу-5, Райымбек-1, Панфилов–10, Сарқан-10, Талғар–28, Ұйғыр–9, Талдықорған қаласы–74, ж.Текелі-16, Қапшағай қаласында 2 адамнан анықталды», - делінген ведомствоның хабарламасында. Жалпы індет басталғалы Алматы облысында коронавируспен 47 818 адам ауырған.