Жаңалықтар

Алматы облысында карантинге байланысты оқушыларға білім беру тәртібі өзгертілді

2021 жылғы 16 сәуір 20:50
Алматы облысында карантинге байланысты оқушыларға білім беру тәртібі өзгертілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында карантинге байланысты оқушыларға білім беру тәртібі өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меншіктің барлық нысанындағы орта білім беру объектілерінің оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуды тоқтата тұру және оқытуды қашықтықтан (онлайн) режимге көшіру. Интернет байланысы жұмыс істемейтін немесе үзіліспен жұмыс істейтін шалғай елді мекендерде сыныптарды 25 адамнан аспайтын жинақтаумен, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі», - делінген Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдымановтың соңғы қаулысында. Осы қаулы 2021 жылдың 19 сәуірінен бастап күшіне енеді. «Сондай-ақ, үй-жайда 15 адамнан аспайтындай толтырумен, шахмат тәртібімен отырғызумен, маскалық режимді және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, орта білім беру объектілері оқушыларының білімін бағалау бойынша республикалық олимпиадаларды өткізуге рұқсат берілген. Бұл ретте үй-жайларды адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етілген ауаны зарарсыздандыруға арналған аспаптармен (рециркуляторлар, экрандалған бактерицидті сәулелегіштер) жабдықтау ұсынылады», - деп атап өтеді ведомствоның баспасөз қызметі.