Жаңалықтар

Алматыда 112 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

2022 жылғы 22 қаңтар 23:10
Алматыда 112 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында бір тәулікте 3 866 адам коронавирус вакцинасын салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 қантар күні 3 866 алматылық вакцина салдырды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан 123 926 адам бар. Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 36 870 адам, оның ішінде 2 005 жүкті әйел, 7 947 бала емізетін ана және 26 918 балалар мен жасөспірімдер егілді. 112 234 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті. Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкерлері жұмылдырылды» - деді басқарма.