Жаңалықтар

Алматыда 116 959 адам коронавирус вакцинасын алды

2021 жылғы 16 сәуір 10:33
Алматыда 116 959 адам коронавирус вакцинасын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша соңғы тәулікте 8 890 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 сәуір күні 8 890 алматылық вакцина салдырды», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 16 сәуір аралығында 116 959 адамға екпе салынды. Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 000-нан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған. Бүгінгі күні қалад 203 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтпаев к-сі) ашылыған вакциналау пункті өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.