Жаңалықтар

Алматыда 122 мыңнан астам қария вакцина алды

2021 жылғы 26 қараша 11:15
Алматыда 122 мыңнан астам қария вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3238 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 қараша күні 3238 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 993, II компонентін – 1 245 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 қараша аралығында қалада 1 020 869 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 975 425 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 010 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар. «Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.