Жаңалықтар

Алматыда 13 мыңнан астам бала емізетін әйел Pfizer вакцинасын салдырды

2022 жылғы 29 наурыз 15:23
Алматыда 13 мыңнан астам бала емізетін әйел Pfizer вакцинасын салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулік ішінде 1293 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 489 адам, 2-компонентін 804 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 28 наурыз аралығында қалада 1 156 014 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 124 975 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқан адамдардың саны 125 067», - делінген хабарламада. Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасымен барлығы 61 672 адам егілді. Оның ішінде 3 501 жүкті әйел, 13 585 бала емізетін ана және 44 249 жасөспірім бар. «Қазір қалада медицина мекемелерінде 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.