Жаңалықтар

Алматыда бір тәулікте 6,5 мың адам вакцина алды

2021 жылғы 16 қыркүйек 12:15
Алматыда бір тәулікте 6,5 мың адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 6481 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 қыркүйек күні 6481 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 3033, II компонентін 3 448 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 15 қыркүйек аралығында қалада 919 489 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 817 427 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 115 920 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. «Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.