Жаңалықтар

Алматыда бір тәулікте бес мыңға жуық адам вакцина салдырды

2021 жылғы 15 маусым 12:11
Алматыда бір тәулікте бес мыңға жуық адам вакцина салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4764 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 14 маусым күні 4 764 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 14 маусым аралығында қалада барлығы 345 465 адамға екпе салынды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 35 972 . Қалада 208 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. «Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. «Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 35 880 дозасы және екінші компоненттің 93 234 дозасы бар» - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. Айта кетейік, 10 маусым күні Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына қытайлық «Sinovac Biotech» компаниясы шығарған CoronaVac вакцинасының 46 000 дозасы (1 және 2 компонент) жеткізілді.