Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
-
23.02.2021 12:43
Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр
2021 жылғы 20 қаңтар 22:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы» телеарнасының Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыда бүгінгі күні коронавирус инфекциясының 20 635 жағдайы тіркелді, оның 12 927-і сиптомды, 7 708-і симптомсыз. Осы жылдың 19 қаңтарында COVID-19 ауруының 127 жағдайы тіркелді, оның ішінде 84 жағдай сиптомды, 28-і симптомсыз. Жалпы жұқтырудың тәуліктік өсімі - 0,5%. Алматыда вирустың репродуктивтілік көрсеткіші 0,954 (республика бойынша - 1,1). Инфекция негізінен қоғамдық орындарда жұғуда. 3-19 қаңтар аралығында қоғамдық орындарда (40,1%), отбасындағы КВИ науқаспен байланыс (27,4%), қалалық көлікте (22,8%), жұмыс орнында КВИ науқаспен байланыс кезінде (5,6%), шетелдерден және өзге өңірлерден әкелінген инфекция (2,6%) көрсеткіші осындай болды. Инфекция жұқтырудың жағдайлары жас құрылым бойынша мынадай: 20-39 жастағылар - 34,7%, 40-59 жастағылар - 28,7%, 60 және одан үлкен жастағылар - 21,3%. Инфекциялық стационарларда 810 адам емделуде, оның ішінде 20 – бала бар, 17 науқастың жағдайы өте ауыр, 147 науқастың жағдайы ауыр, 644-інің жағдайы орташа ауыр, 2 науқастың жағдайы жеңіл. Жазылып шыққандары – 82, ауруханаға түскендері – 112. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қала әкімі Б. Сағынтаев қалалықтарға санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Алматы әкімі тікелей эфир барысында қала тұрғындарын толғандыратын түрлі сауалдарға, оның ішінде жолдарды салу мен жөндеу, газбен жабдықтау, мүгедектерді қолдау және мегаполистің инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.