Жаңалықтар

Алматыда карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы жарияланды

2021 жылғы 16 қаңтар 22:03
Алматыда карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин режимін күшейтуге бағытталған жаңа қаулыны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес, екiншi семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданған. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимiн, әлеуметтiк қашықтық сақталуы керек. Сондай-ақ І курс студенттеріне жатақханада тұруға рұқсат берілген. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейін), 9,11 (12) - сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.