Жаңалықтар

Алматыда карантин талабын бұзған 15 мекеме анықталды

2021 жылғы 11 сәуір 02:29
Алматыда карантин талабын бұзған 15 мекеме анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантин талаптарын қадағалайтын 40 мониторинг тобы күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9-10 сәуірге қараған түні Алматының мониторинг тобы компьютерлік клубтан, бардан және кафеден 300-ге жуық адамды шығарды. Құқық бұзушылардың басым бөлігі «Барвиха» түнгі клубынан анықталды. Жабық алаңда 60-қа жуық келуші болды. Жалпы, Алматыда бір түнде белгіленген шектеулердің 15 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 13 нысан: мейрамханалар, кафелер мен дүкендер, бір компьютерлік клуб және түнгі клуб.Тексеру үшін полиция басқармасына барлығы 48 адам жеткізілді. Әуезов ауданы бойынша: «RGB» компьютерлік клубы. Бостандық ауданында: «75 Projest» лаунж бары жұмыс істеді, онда 40 адам болды. Жетісу ауданы бойынша: «Эльнарус» кафесінде 40-қа жуық адам карантинді бұзған. Медеу ауданында: «Барвиха» клубы. Онда 60-қа жуық адам болды. Барлық мекеме иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды карантиндік шектеулерді ұстануға және жұқтыру қаупі жоғары нысандарға бармауға шақырады.