Жаңалықтар

Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

2021 жылғы 17 қыркүйек 19:16
Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыда спорт кешендері, спорттық- сауықтыру мен фитнес, йога орталықтарының жұмысына рұқсат берілді. Монша, сауна, СПА, бассейн қызметіне де рұқсат. Демалыс күндері Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Ashyq көшбасшылары түнгі 02:00-ге дейін қызмет көрсете алады. Қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар, асханалар және басқалар) жұмыс істейді, бірақ келушілер саны бір уақытта 70 адамнан аспауы керек. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады. Қаулы қол қойылған күнінен бастап бастап күшіне енеді.