Жаңалықтар

Алматыда коронавирус жұқтырған 112 бала емделіп жатыр

2021 жылғы 15 сәуір 10:49
Алматыда коронавирус жұқтырған 112 бала емделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3712 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 657 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 547-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 110-ы симптомсыз ауырған. «Қазір 7 мың төсек-орынның 6 060 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3712 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 112-і бала. Жағдайы аса ауыр науқастар саны - 235, жағдайы ауыр – 767 адам бар. 2945 науқастың жағдайы орташа ауыр. ӨЖЖ аппаратында – 32, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында – 84, High flow қолданыста – 84 аппарат бар», -деп хабарлады басқармадан. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 130 пациент бар, симптомдармен, ауырлықтың орташа дәрежесімен – 5 266, симптомсыз – 864 адам.