Жаңалықтар

Алматыда коронавирус жұқтырған 3,6 мың адам ауруханада жатыр

2021 жылғы 14 сәуір 11:02
Алматыда коронавирус жұқтырған 3,6 мың адам ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда коронавирус жұқтырған 3 649 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 612 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 540-ы симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 72-і симптомсыз ауырған. «Қазір 7 мың төсек-орынның 6 100 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3 649 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 99-ы бала. Жағдайы ауыр науқастар саны 728. Орташа жағдайдағы науқастар саны 2921. ӨЖЖ – 32, инвазивті емес ӨЖЖ – 88, High flow-да 79 аппарат жұмыс істейді»,- деп хабарлады басқармадан. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 132 пациент бар, симптомдармен, ауырлықтың орташа дәрежесімен – 5 196, симптомсыз – 936 адам. Бұған дейін, қалалық денсаулық сақтау басқармасы Алматының инфекциялық стационарларында төсек-орын тапшылығы жоқ екенін айтқан болатын.