Жаңалықтар

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салу жалғасып жатыр

2021 жылғы 14 сәуір 11:25
Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салу жалғасып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша соңғы тәулікте 10 645 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 сәуір күні 10 645 алматылық вакцина салдырды. Бүгінгі күні қалада 78 395 доза вакцина бар», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында КВИ-ге қарсы иммундау 100 000-нан астам адамға жоспарланған. Бүгінгі күні 203 пункт жұмыс істеп жатыр.1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар. 13 сәуірден бастап Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтпаев к-сі) вакциналау пункті жұмыс істей бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.