Жаңалықтар

Алматыда коронавирусқа шалдыққандар саны өсіп барады

2021 жылғы 14 сәуір 17:49
Алматыда коронавирусқа шалдыққандар саны өсіп барады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында корнавиру жұқтырғандар санының артандығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әсел Қалықованың айтуынша, Алматыда коронавирусты жұқтырып, ауырғандар санының көбеюі жалғасуда. Оның қашан тоқтап, жұқтыру деңгейінің төмендеуі бұл қала тұрғындарының коронавирустың алдын алу шараларын сақтауына, сондай-ақ халықтың вакцинацияға қаншалықты белсенді қатысатынына байланысты. Әзірге Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық көрініс оптимистік бағытта емес. «2021 жылдың басынан бері қалада 24 378 жұқтыру оқиғасы тіркелді, соңғы тәулікте 612 жағдай анықталды. Іс жүзінде 1-13 сәуір аралығында коронавирус инфекцияның 8301 жағдайы тіркелді»,- деді Алматы СЭБД басшысының орынбасары. Әсел Қалықованың пікірінше, халыққа босаңсымау керек, қорғану шараларын сақтауды жалғастырып, вакцинация қарқынын арттыру қажет. Сонда ғана көктемнің соңында наурыз және сәуір айларымен салыстырғанда аурудың азайғанын көруіміз мүмкін. «Ағымдағы жылы КВИ індетінің даму қарқыны мынадай: қаңтар – 3607 жағдай, ақпан – 2945, наурыз – 9525, сәуірдің 13 күнінде – 8301 жағдай. Алматы қаласында коронавирус инфекцияның көбею себептері, бұған дейін де айтылғандай, ең алдымен, COVID-19 мутацияланған штамдарының таралуынан. Ауырғандардың көбеюі мутацияланған штамдардың анықталуымен сәйкес келеді, онда қысқа инкубациялық кезең, барлық жас топтарының, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың да жұқтырып, науқастануы, инфекцияның ауыр өтетіні және одан жоғары өлім-жітім байқалады»,-деді спикер. Эпидемиолог балалар арасында жұқтырудың көбеюіне байланысты ата-аналардан балаларын адамдар көп жиналатын жерлерге, оның ішінде сауда-ойын-сауық орталықтарында болуына жол бермеу шараларын қабылдауға шақырды. Сонымен қатар, ересектерге карантин кезеңінде балаларды үйде бос отырмауын қамтамасыз ету керек.