Жаңалықтар

Алматыда коронавирусты анықтайтын тағы бір тест орталығы ашылды

2020 жылғы 7 шілде 20:33
Алматыда коронавирусты анықтайтын тағы бір тест орталығы ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Medical Partners Korea клиникасы коронавирусты анықтайтын тағы бір тест орталығын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Aport Mall орталығының тұрақ аймағында ашылған жаңа пункт сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай–ақ, «Нұрлы-Тау» және «Halyk Arena» мобильді пункттерінің жұмыс кестесі өзгерді. Енді олар 08:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

ПТР тестінің құны – 15 500 теңге.

Бұған дейін, Алматы әкімі мегополисте ПТР тест жасайтын қосымша жекеменшік екі зертхана ашылатынын айтқан болатын.

Жалпы қала бойынша, 300 мыңға жуық тест жүргізілді. Оның 245 мыңы ПТР тесті.