Жаңалықтар

Алматыда КВИ жұқтырған 283 пациент жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылғы 15 қыркүйек 12:56
Алматыда КВИ жұқтырған 283 пациент жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2891 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте қалада 612 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 593, симптомсыз – 19 науқас тіркелді. Бүкіл емделіп шыққандар – 387, келіп түскені – 220. «Инфекциялық стационарларда 2 891 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 76 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 283 адам жатыр. Ал 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 122 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 92 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 409 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6 238 науқас. 171 адамда коронавирус белгілері жоқ.