Жаңалықтар

Алматыда науқас курсант індетті бүкіл казармаға жұқтырды – Алматы әкімі

2020 жылғы 27 мамыр 15:42
Алматыда науқас курсант індетті бүкіл казармаға жұқтырды – Алматы әкімі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында ҰҚК Шекара қызметі Академиясының коронавирус жұқтырған курсанттары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15-29 жас аралығындағылар қауіп тобына жатады. «Курсанттардың көпшілігі ауырды. Казармада жатқандардың барлығы ауырып шыққанша тоқтамады. Осы жағдайда вирустың тез тарағанын бақыладық. Казармада бір адам ауырған еді, басқаларының барлығына жұқты», - деді әкім.

Бұған дейін Алматыда ҰҚК Шекара қызметі Академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.