Жаңалықтар

Алматыда сабақ басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырған

2021 жылғы 20 қазан 21:10
Алматыда сабақ басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 қыркүйектен бері 2960 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус ауруы 263 мектепте тіркелді. Соның ішінде дәстүрлі білім алып жүргендер ішінен 1737 жағдай анықталды. Онлайн форматта оқып жатқан 1223 оқушы коронавирус жұқтырған. «Оқу жылы басталғалы бері 2960 оқушы коронавируспен ауырды. Егер бала ауырып қалса, онда сынып екі аптаға карантинге кетеді. Алғашында ауру өте көп тіркелді. Қазір жағдайды бақылауға алуға тырысып жатырмыз. Соған қарамастан инфекция жұқтырғандар тіркеліп жатыр. Балалар инфекцияны мектепке қарағанда үйде көп жұқтырып жатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев. Бұған дейін Алматы әкімі қала тұрғындарын вакцина алуға шақырған еді.