Жаңалықтар

Алматыда вакцина алғандар саны 1 миллионға жуықтады

2021 жылғы 20 қазан 14:21
Алматыда вакцина алғандар саны 1 миллионға жуықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4272 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қазан күні 4272 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1581, II компонентін 2691 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 19 қазан аралығында қалада 981 365 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 917 766 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 875 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. «Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.