Жаңалықтар
-
24.04.2022 12:05
-
24.04.2022 10:05
-
24.04.2022 09:17
-
24.04.2022 08:47
-
24.04.2022 08:15
-
23.04.2022 09:53
-
23.04.2022 08:55
-
23.04.2022 08:16
-
23.04.2022 08:05
-
22.04.2022 14:38
-
22.04.2022 08:08
-
21.04.2022 16:36
-
21.04.2022 09:44
-
21.04.2022 08:15
-
20.04.2022 11:26
-
20.04.2022 08:16
-
20.04.2022 07:59
-
19.04.2022 08:50
-
19.04.2022 08:16
-
19.04.2022 07:58
-
18.04.2022 19:05
-
18.04.2022 09:33
-
18.04.2022 08:08
-
17.04.2022 09:21
-
17.04.2022 08:28
-
16.04.2022 11:01
-
16.04.2022 09:44
-
16.04.2022 08:48
-
15.04.2022 09:11
-
15.04.2022 08:16
-
15.04.2022 07:58
-
14.04.2022 17:17
-
14.04.2022 14:33
-
14.04.2022 08:33
-
14.04.2022 08:00
-
14.04.2022 04:00
-
13.04.2022 09:33
-
13.04.2022 08:30
-
13.04.2022 08:01
-
13.04.2022 08:00
-
13.04.2022 02:20
-
12.04.2022 18:52
Алматыда жаңа қаулы қабылданып, карантин шаралары жеңілдеді
2022 жылғы 22 қаңтар 19:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бас санитардың мұның алдындағы 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес: - спорт-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге тек «жасыл» мәртебeci бар және коронавирустьқ инфекцияға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана рұқсат беріледі; - «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарияльқ дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулысының 4 және 5 қосымшаларына сайкес өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асады; - тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялануы жэне ревакцинациялануына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналының және барлық меншіктің нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70% қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады. Сондай-ақ, 24 қаңтардан бастап оқыту форматында өзгерістер болады. Яғни: - мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта; жалпы білім беретін мектептерде («қызыл» аймақ): - 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) штаттық форматта; - 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда — штаттық форматта; - 600 оқушыдан жоғары — мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жуктемемен штаттық форматта; - мектептен тыс ұйымдарда, қосымша білім ұйымдарында, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарында штаттык форматта; - жоғары оқу орындарында жане колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта — практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, практика кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн өткізіледі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысының толық мәтінімен осы сілтемеде таныса аласыздар.