Жаңалықтар

Алматыдағы №4 емхананың қызметкерлері вирус жұқтырды деген ақпарат жалған

2020 жылғы 20 сәуір 15:09
Алматыдағы №4 емхананың қызметкерлері вирус жұқтырды деген ақпарат жалған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі №4 емхананың қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде «аталған емхананың 27 қызметкерінен коронавирус табылды» деген ақпарат тараған болатын.

«Бұл – ақпарат жалған. Қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы мемлекеттік комиссияның ТЖ туралы шешіміне орай 27 наурыздан бастап №4 емхананың Алматы облысында тұратын 27 қызметкерін Alan Cirсus қонақүйіне орналастырған болатын. Осы қонақ үйде жатқан Орталық клиникалық қалалық аурухана қызметкері Covid 19 инфекциясын жұқтыруы мүмкін болғандықтан №4 емхананың 27 қызметкері 11 сәуірден бастап үй карантинінде жатыр. 11 сәуірде олардан ПТР тест алынды. Анализ олардың коронавирус жұқтырғанын көрсетпеді», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.