Жаңалықтар

Алматыға шетелден келген 31 азамат еліне қайтарылды

2021 жылғы 19 қаңтар 12:32
Алматыға шетелден келген 31 азамат еліне қайтарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі шетелден келген ұшақ жолаушыларының арасындағы коронавирус көрсеткіші туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр қазаннан бастап қаңтарға дейін Алматы халықаралық әуежайына 109 724 жолаушысы бар 773 рейс келді. Оның ішінде COVID-19 – ға теріс нәтижесі бар анықтамалармен – 97430, анықтамасыз 12294 адам келген. Оның ішінде ПТР-талдауды тапсырғаннан кейін арнайы карантин стационарында 79 адамның нәтижесі белгілі болды (Түркиядан келген жолаушылар арасында - 30 жағдай, БАӘ-18 жағдай, Египет – 23 жағдай, Беларусь – 5, Украина – 1, Мальдив аралдарынан -2 жолаушы). Қаланың халықаралық әуежайында санэпидбақылауды күшейту шаралары жалғасуда. Сондай-ақ, анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы кері қайтарылды», - деді әкімдіктен. Мамандардың айтуынша, әлемде эпидемиялық жағдай ушыға түсуде. Бірқатар ел инфекцияны жұқтыру жағдайларының өсуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар енгізіп жатыр. Мысалы, Оңтүстік Корея үкіметі әлеуметтік қашықтық сақтауды тағы екі аптаға ұзартты. 15 ақпанға дейін азаматтарға COVID-19 таралуының жалғасуына байланысты шетелге сапарларды болдырмау немесе кейінге қалдыруды ұсынады. Жексенбіде Австрия Үкіметі Ұлттық карантинді 7 ақпанға дейін ұзартатынын жариялады. Ұлыбритания 18 қаңтардан 15 ақпанға дейін коронавирустың жаңа штамдарының әкелінуіне жол бермеу үшін барлық туристік дәліздерді жауып жатыр.